Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

№21 гимназиядағы кездесу: Ақтөбе колледжінде it-де оқу перспективалары

2024 жылдың 03 сәуірінде Әл-Фараби атындағы № 21 мамандандырылған мектеп-гимназиясында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің “Ақпараттық жүйелер” бөлімінің оқытушысы Аружан Русланқызы Әлбергеновамен 9-сынып түлектерінің кездесуі өтті.

Колледж өкілі Аружан Руслановна балаларға орта кәсіптік білім беру деңгейінде АПК жұмысшы мамандықтар мен мамандықтардың 12 бағыты бойынша даярлау жүргізіп жатқанын айтты. Олардың ішінде “Бағдарламалық қамтамасыз ету” сұранысқа ие және перспективалы мамандықтардың бірі ретінде колледж өкілі колледжді IT-құзыреттіліктегі соңғы технологиялар бойынша жабдықтау туралы айтты.

Оқушыларға барлық бағыттар бойынша оқу формалары мен ұзақтығы туралы айтылды. Оқушыларға сауалнама жүргізді. Біз 2024 жылғы қабылдау науқанының барлық қыр-сырын таныстырдық:

– түсу үшін қандай құжаттар қажет;

– құжаттарды тапсыру мерзімі;

– мамандыққа қабылдау шарттары.

Кездесудің әрбір қатысушысы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі туралы маңызды және қажетті ақпаратты, сондай-ақ “талапкерге 2024″буклетін алды.

Кездесу соңында қонақтар 9-сынып түлектеріне қорытынды емтихандарда сәттілік тіледі.