Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Worldskills

photo

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптарға сай жаңарту қажеттігін атап өтті. Осы мақсатты жүзеге асыруға Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі өз үлесін қосуда.

photo
photo
photo

Қазақстан Worldskills қауымдастығына 2014 жылы қосылды және іс-шараларға белсенді қатысады. Жыл сайын бұл жастар чемпионатының маңыздылығы арта түсуде.

Чемпионаттың басты мақсаты – жұмысшылар мен техникалық мамандықтардың беделі мен дәрежесін арттыру, жастарды кәсіптік білім беруге тарту. Сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, WorldSkills ұлттық чемпионатына қатысу үшін аймақтық кадрларды дайындау.

Worldskills әдістемесі әлемдегі ең жақсы тәжірибелердің бірі болып табылады. Бұл әдіс бойынша чемпионатқа қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, жоғары көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік алды. Жыл сайын өтетін байқауға қойылатын талаптар да өзгереді.

photo

Біздің колледж студенттері жыл сайын Worldskills Kazakhstan чемпионатына қатысады.

2015 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan» кәсіби шеберліктің бірінші ұлттық чемпионатында 3 курс студенті Райымбек Ишанғалиев «IT әкімшілік желілері» құзыреттілігі бойынша 1 орынды иеленді.

photo
photo

Одан кейін Қазанда өткен Worldskills халықаралық чемпионатында 3-орынға ие болды. Тамыз айында Сан-Паулуда (Бразилия) өткен «WorldSkills International» әлем чемпионатына қатысты.

2017 жылы өткен «WorldSkills Kazakhstan» аймақтық чемпионатында колледжіміздің студенттері 4 құзыреттілік бойынша жеңімпаз атанып, республикалық чемпионатқа жолдама алды, онда 3 құзырет бойынша жүлделі орындарға ие болды:

photo

"Веб-дизайн" - Васильев Артем Владимирович - 2 орын

photo

"Электромонтажды жұмыс" - Максатов Жасулан Кенжагалиевич -
3 место

photo

"Кірпіш қалау" - Данько Владислав Константинович - 3 орын

2018 жылы өткен «WorldSkills Kazakhstan» облыстық чемпионатында колледжіміздің студенттері 8 құзыреттілік бойынша Гран-приді жеңіп алып, республикалық чемпионатқа жолдама алды және 4 құзырет бойынша жеңімпаз атанды:

  • “Веб-дизайн" Симанов Исмаил - Республика бойынша 1 орын
  • "Декоративно-малярные работы" Утеулиева Сауле - 2 орын.
  • "Графический дизайн" Евдакимов Филипп - 3 орын
  • «Желілік және жүйелік әкімшілік басқару» Уразбай Амадей – медальмен марапатталды
photo
photo
photo
photo

2019 жылы колледжіміздің студенттері «WorldSkills Aktobe-2019» облыстық чемпионатына қатысып, 9 құзыреттілік бойынша Гран-при иегері атанып, республикалық чемпионатқа жолдама алды. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан 4 құзырет бойынша жеңіске жетті.

photo

Құзіреттілігі бойынша "Сантехника және жылыту" Майшабай Ернар - 2 место

photo

Құзіреттілігі бойынша "Графикалық дизайн" Ашикова Сияхан - 3 место.

photo

Құзіреттілігі бойынша “Визуалды сауда және терезе безендіру" Утеулиева Сауле - 2 место.

photo

Құзіреттілігі бойынша “Веб- дизайн” Артамов Тимур - награжден медалью “Үздік маман".

photo

2021 жылы колледжіміздің студенттері «WorldSkills Aktobe-2021» облыстық чемпионатына қатысып, 11 құзыреттілік бойынша Гран-при иегері атанып, республикалық чемпионатқа жолдама алды. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша олар 5 құзырет бойынша жеңімпаз атанды

  • photo

    "Графикалық дизайн" Сабит Мадияр - 2 орын.

  • photo

    "Электроника" Ермагамбет Бибарыс Ерланович - медальон.

  • photo

    "Веб-дизайн" Масловский Николай Николаевич - медальон.

  • photo

    “Инженерлік графика CAD (компьютерлік дизайн)" Иманов Асылхан Карабайулы - медальон.

  • photo

    "Электромонтажды жұмыс" Аманалиулы Кайрат - медальон.

photo
Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі WorldSkills чемпионатына қатысып, нәтиже көрсетіп, алдағы уақытта осы жобаны дамытып, өз үлесімізді қосып, үлкен жетістікке жету жолында еңбек етеміз.