Педагогический составПроектыПодразделения

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

2023 жылдың 14 қыркүйегінде колледж қызметкерлерінің, әсіресе жас мамандардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, қызметкерлер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуді насихаттау болды.