«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ» ОНЛАЙН ПОРТАЛЫ
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледж ақпараттық ашықтықты және білім беру қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлер мен білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен мінез-құлықты қалыптастыру және дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.
Колледжімізде парасаттылық және корпоративтік мәдениет қалыптасты. Біздің колледж 2020 жылдың тамыз айынан бастап «Академиялық адалдық Лигасының» мүшесі.
Ақтөбе Жоғары Политехникалық Колледж ПОҚ мен қызметкерлердің академиялық Ар-намыс кодексі (03.10.2017 ж.) және білім алушының Ар-намыс кодексі әзірленді және енгізілді. Жеке академиялық саясат және академиялық адалдық ережелері әзірленді және енгізілді (06.09.2019 ж. директорымен бекітілген).
Біздің колледж сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық және академиялық адалдық ұстанымдарын өз қызметінде негізгілердің бірі ретінде қабылдайды. Осыған байланысты 2020 жылғы 3 қыркүйегінде Ақтөбе Жоғары Политехникалық Колледж «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі құрылды.
Жобалық кеңсе Ақтөбе Жоғары Политехникалық Колледж 2020-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия әзірледі. Ол колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бойынша негізгі мақсаттарды, міндеттерді және нақты бағыттарды анықтайды. Стратегия атқаратын лауазымына, ғылыми дәрежесіне және білім алушының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрбір қызметкер үшін міндетті мінез-құлық моделін белгілейді.
Стратегияның мақсаты: колледжде сыбайлас жемқорлықты барынша тиімді және пәрменді жоюға бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға жәрдемдесу; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне “нөлдік” шыдамдылық атмосферасын құру жолымен колледждің барлық қызметкерлері мен білім алушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
“Таза сессия” акциясы. Академиялық адалдықты сақтау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
“Сыбайлас жемқорлық” деген этимологиялық термин латын тілінен corruptio сөзінен шыққан, бұл “бүлдіру, сатып алу” дегенді білдіреді. 1978 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған құқық тәртібін қолдау жөніндегі лауазымды тұлғалардың мінез-құлық кодексіне сәйкес сыбайлас жемқорлық ұғымы ұлттық құқықтықпен анықталуы тиіс.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР Заңы сыбайлас жемқорлық ұғымын «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».
Сыбайлас жемқорлық құбылысы қазір әлемнің барлық елдерінде, олардың саяси даму деңгейіне қарамастан, оның ішінде Қазақстанда да бар, айырмашылығы ауқымда ғана. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестициялар тартуды тежейді және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдығын мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев айқын атап өтті. Сондықтан президент өзінің “Қазақстан-2050″ стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Стратегиясында мемлекеттің басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атады.
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледж сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде:
2020-2021 оқу жылына Ақтөбе Жоғары политехникалық колледж сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледж 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Типтік кешенді жоспарды іске асыру туралы ақпарат
Құрметті студенттер мен оқытушылар! Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы келесі мекен-жайлар мен телефондар арқылы:
қоғамдық қабылдау бөлмесіне: +7 (7132) 56-20-51, +7 (7132) 56-74-93
директор блогына