Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

2023 жылдың 3 қазан күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында колледж кітапханашысы И.Авдеева мен 101Б тобының жетекшісі М.Есетованың ұйымдастыруымен «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» әдеби аукционы өткізді.

2023 жылдың 3 қазан күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында колледж кітапханашысы И.Авдеева мен 101Б тобының жетекшісі М.Есетованың ұйымдастыруымен «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» әдеби аукционы өткізді.
Мақсаты: студенттердің оқу құзыреттіліктерін, жеке ақпараттық мәдениет негіздерін және ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастыру, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, оқушылардың ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін қорытындылау, ақыл-ой және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, әсемдікті сүюге, Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара барысында студенттер аукционның негізгі ережелерімен таныстырылды. Ойыншылар командаларға үш командаға бөлінді. Аукцион төрт лоттан тұрды.
М.Есетова қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, аудармашы және композитор Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді.
Аукционның алғашқы лотында, командалар өздерін таныстырып, әрі қарай осы тақырып бойынша ақыл-ой картасын жасап, викторина сұрақтарына жауап берді.
Аукцион қорытындысы бойынша үздік командалар грамоталармен марапатталды. Әдеби аукционды Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі толықтырды. Кітапхана меңгерушісі И. Н. Авдеева кітап көрмесіне шолу жасады.
Студенттер жақсы білімдерін көрсете білді және әдеби аукционға үлкен ықыласпен қатысты.