Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Үздік педагог ERG -2023” кәсіби байқауы

Ағымдағы жылдың маусым айында «Евразиялық топ» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «ERG және колледждер альянсы» бағдарламасы аясында республикалық “Үздік педагог ERG -2023” кәсіби байқауы өтті.
Байқау нәтижесі бойынша, колледж оқытушысы Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен “Үздік педагог ERG -2023” кәсіби байқауының жеңімпазы атанды. Бұл байқауға республика бойынша көптеген оқу орындарынан үздік мамандар қатысты. Комиссия отырысының шешімімен Дархан Түгелбайұлы «үздік» деп танылды. Жеңімпаздарды марапаттау алдағы аптада Астана қаласында өтеді.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!