Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Кәсіптік тәжірибенің күнделік-есебін қорғау

Кәсіптік тәжірибенің күнделік-есебін қорғау
2023 жылдың 12 маусымы күні 0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 301Б және 302Б топтарында кәсіптік тәжірибенің күнделік-есебін қорғау өтті. Шараға директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Мухтаров А.Т., әдіскер Сарсенбаева А.А., бөлім меңгерушісі Кылышбаева К.М. тәжірибе жетекшілері: Есетова М.К., Тулегенов Т.И. қатысты.
Кәсіптік практика-мамандарды даярлаудың қорытындылау кезеңі. Кәсіптік практиканың мақсаты білім алушылардың теориялық оқыту процесінде алынған білімдерін бекіту, тереңдету және жүйелеу, 0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша қажетті практикалық дағдыларды дамыту болып табылады.
Кәсіптік практиканы “АҚТӨБЕ ХРОМ ҚОСПАЛАР ЗАУЫТЫ” АҚ, «Prof Service аудит», “Dina market” ЖШС, «АЗС ЛИДЕР» ЖШС, «Акшам» ЖШС, «ПолисМунайКурылыс» ЖШС, «Нептун Group Батыс» ЖШС, «АГП-Холдинг» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «Building Khan» ЖШС, “ЮРБУХ КОМПАНИ АКТОБЕ” ЖШС, «Жантас Недра», «Сервис К» ЖШС және т.б. кәсіпорындарда өтті.
Өндірістік практика нәтижесінде білім алушылар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамалық және нұсқаулық материалдар бойынша білімдерін; бухгалтерлік құжаттар мен есептерді құрастыру; бухгалтерлік-қаржылық және статистикалық құжаттарды қолдану; бухгалтерлік операцияларды орындау; ұйымның қаржылық есептілігін жасау дағдыларын игергендігін көрсетті.