Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Құрақ құрау- бірігудің белгісі»

2023жылдың 15-ші наурызы күні «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында оқытушылар Т.Н.Ермуканов және  Г.С.Елтезерованың ұйымдастыруымен «Халық өнерінің мұрасы» «Құрақ құрау- бірігудің белгісі» шеберлік сабағы өтті. Облыстық Аналар кеңесі төрайымы Қалиева Жұмабике Шамсутдинқызы мен кеңес мүшелері Б.Сейтенова, М.Жарылғасова, И.Утеновалар колледждің студент- қыз балалары мен оқытушыларға өз қолдарымен жасаған заманауи қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын көрсетіп, түсіндірді, сонымен қатар «Бақытты отбасы» Отбасын қолдау орталығының мамандары Б.Байкелова, А.Жұмағалиева қатысып түрлі тренингтер жүргізді. Біздің қолөнерге бейім қыздарымыз да өз туындыларын көрсетіп, көрмеге қойды.