Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Сабақтың интерактивтілігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер”

2023жылдың 14-ші наурыз күні «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» ЦӘБ-нің «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты апталығы аясында, бірлестік оқытушылары мен әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Сабақтың интерактивтілігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында шебер класстар сериясы өткізілді. Шара барысында әдіскер С.Ескалиева, бірлестік оқытушылары Г.Елтезерова, Нурудинова А.А. тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-кластарын көрсетсе, колледж психологтары М. Турмагамбетова және А. Шортанбаева психологиялық тренингтер өткізіп, оқытушыларға жағымды көңіл күй сыйлады.