17 маусым күні “Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде” тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес ҚР сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің “Ақтөбе адалдық аланы” жобалық кеңесінің менеджері Тәжімұратов Айтуған Бауыржанұлы колледжіміздің білім алушыларымен кездесу, сұхбат өткізілді. Мақсаты: оқытушылардың және студенттердің көзқарасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттап, “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау, патриоттық тәрбиеге баулу.