Шара барысында колледж тарихшылары Г.Елтезерова, Т.Ермұқанов ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрлерімен таныстырса, музейдің сектор меңгерушісі Данабаева Жаңылған Әлімбайқызы студенттерді көшпелі музей экспонаттарымен таныстырып, «Ұлттық бас киімдер», «Қолөнер бұйымдары» тақырыбында дәріс оқып, «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» бейнеролигін көрсетті. 1 курс студенттері экспонаттарды қызыға тамашалады. Шара соңында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Дүйсенғали Мейрам Нұрланұлы мен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі директоры Мухамбетпаизова Женискул Сағидоллақызы «Өзара ынтымақтастық» туралы Меморандумға қол қойды.

- 17 Нау
- 2022