Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

2022 жылдың 16-шы наурызы күні «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер» бірлестігінің «Ата дәстүр- асыл қазынам» атты апталық аясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе «Ұлт құндылығы – халық қазынасы» тақырыбындағы облыстық деңгейдегі тарихи-танымдық шара өткізілді.

Шара барысында колледж тарихшылары Г.Елтезерова, Т.Ермұқанов ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрлерімен таныстырса, музейдің сектор меңгерушісі Данабаева Жаңылған Әлімбайқызы студенттерді көшпелі музей экспонаттарымен таныстырып, «Ұлттық бас киімдер», «Қолөнер бұйымдары» тақырыбында дәріс оқып, «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» бейнеролигін көрсетті. 1 курс студенттері экспонаттарды қызыға тамашалады. Шара соңында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Дүйсенғали Мейрам Нұрланұлы мен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі директоры Мухамбетпаизова Женискул Сағидоллақызы «Өзара ынтымақтастық» туралы Меморандумға қол қойды.