Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Стартапер

GREEN ECONOMY

10 сәуір күні «Есеп және аудит» циклдік-әдістемелік бірлестігінің «Жасыл экономика – жарқын болашаққа жол бастайды» атты апталығының іс шаралар жоспарына сәйкес «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының аясында стартапер студенттер мен түлектердің қатысуымен «Идеялар генерациясы» Creative day шарасы өткізілді. Жауапты ұйымдастырушылар: арнайы пәндер оқытушылары М.К.Есетова мен К.М.Ерекешев. Мақсаты: студенттердің таңдаған мамандығына, болашақ кәсібіне деген қызығушылықтарын арттыру, кәсіпкерлік саласындағы студенттерге қолдау көрсету, кәсіпкер жастардың бастамаларын дамытуға жәрдемдесу, экономикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды студенттерді анықтап, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және студенттердің интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Шараға колледжііміздің 208ПО, 203РМ, 203ПГ, 203ЭЛ топтарының студенттері белсенділікпен қатысып, шақырылған спикерлер колледж түлегі-кәсіпкер Хайруллин Артем, 304ПО тобының студенттері Саматова Рабия және Мәлікова Томирис, 101АТ тобының студенті Жанысбеков Аралбек, 301АС тобының студенттері Елубаев Ердәулет және Сейдалы Нұржан өз жобалары туралы, командада жұмыс жасау, стартапты бастап кету үшін идея қажеттілігіне,  стартапты бастаушылар өзгелерден үздік болу керектігіне тоқталды. Студенттер бизнес идеяны жобаға айналдыру жолдарын үйренді.