Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

ДосболLike

GREEN ECONOMY

9 сәуір күні «Есеп және аудит» циклдік-әдістемелік бірлестігінің «Жасыл экономика – жарқын болашаққа жол бастайды» атты апталығының іс шаралар жоспарына сәйкес колледж 101Б тобында “ДосболLike” достық қолын ұсын акциясы аясында сыныптан тыс шара өткізілді, жауапты оқытушы Есетова М.К. Акцияның мақсаты: колледж ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау, шығармашылық ынтымақтастық негізінде студенттердің эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынасты орнату.

Топ студенттері «Татулық», «Сыйластық», «Ынтымақ», «Бірлік» атты командаларға бірлесіп, «Мақалды жалғастыр», Достық туралы сұрақтар, «Досымды тауып беріңдерші», «Мені түсін». Бизнес идеялар, «Жүректен жүрекке» түрлі ойын-жаттығуларын орындады.

«Есеп және аудит» циклдік-әдістемелік бірлестігінің төрайымы Есетова М.К.

#dosbollike