Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Creative Week. Project day

2024 жылға арналған “Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі” жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес ERG компаниясының қолдауымен 2024 жылғы 13 наурызда “Creative Week” іс-шарасы аясында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттері арасында “Project day” бизнес-жобалар чемпионаты өтті.
“Project day”бизнес-жобалар чемпионатының қазылар алқасының мүшелері:
Даржанова Анар Нұрлыбекқызы, Ақтөбе қалалық кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі,
Сағынтаева Әйгерім Қанатқызы, AlmaU университетінің Алматы Менеджмент кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің жоба жетекшісі,
Өтеулиев Ержан Бақтыбайұлы, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
Чемпионатқа біздің колледждің 120 студенті, 30 команда қатысты, нәтижесінде 3 команда bigideascamp жазғы кәсіпкерлік лагеріне жолдама жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға өз жобаларын іске асыруда табыс тілейміз!

@ecosystemerg.kz
@anardarzhanova
@aktobe.polytech