Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Анар Даржановамен кездесу

ERG компаниясының қолдауымен «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында 2024 жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі студенттері арасында «Project day» бизнес жобалар чемпионаты өткізілді.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Даржанова Анар Нұрлыбекқызы осы чемпионатта әділқазы мүшесі ретінде студенттердің бизнес жобаларына оң баға берген болатын.
Чемпионаттың жеңімпаздары атанып, BigIdeasCamp жазғы кәсіпкерлік лагеріне жолдама ұтып алған Draiv және Women командаларына бүгін, 18 наурыз күні Анар Даржановамен кездесу бұйырды. Олар Деможурова София, Жанысбеков Аралбек және Оразбаева Амангүл.
Анар Даржанова студенттерге өмір жолы, өткен белестері туралы әңгімелеп, елімізде жастар кәсіпкерлігін қолдауға тоқталып, әрқашан өз арманыңа жету жолында талмай еңбек етіп, іздену қажеттігін айтты. Осындай чемпионаттардан кейін өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңа талдау жасауға үлкен мән беріп және күшті жақтарыңды дамыту, ал әлсіз жақтарыңды жеңу –арман-мақсатқа жетудің бірден бір жолы екенін атап өтті. Анар Даржанова студенттерге мотивация беріп, болашақта бизнес жобаларын іске асыруда өте қажет болатын жеке кәсіпкер, бизнес тренер Назым Әлидің «Инноватор» күнделік кітабын сыйлады. Кездесуден студенттер де, өзім де үлкен әсер алдық.
Наурыз мейрамы қарсаңында Анар Нұрлыбекқызына зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыстар тілейміз!
«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының координаторы Есетова Мира Климовна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

@ecosystemerg.kz
@anardarzhanova
@aktobe.polytech
@nazym_ali