Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылдың 04 наурызында «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің оқытушысы Есетова М.К. және 201Б тобының студенттері Абужанова Ақгүл, Маратқызы Саида, Жұмабеков Ерасыл №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға мамандықтар мен біліктіліктер, оқуға түсудің ережелері, студенттердің теориялық және практикалық оқуын және бос уақытын ұйымдастыру, шәкіртақы жүйесі, түлектердің жұмысқа орналасуы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар барлық сұрақтарына жауап алды.

#Кәсібибағдар_АЖПК-2024