Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Кәмелетке толмаған білім алушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары

21-26 ақпан аралығында кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж директоры және заң өкілдерімен кездесу жүруде. мақсаты: Құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге, құқықтық тәртіпті нығайтуға, студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге және жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жандандыру болып табылады. Колледж инспекторы Әбу Қуандық және заңгер Исламова Клара Болатовна әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың негізгі ережелерін түсіндіріп, кәмелетке толмағандар тарапынан болатын құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы, сонымен қатар, құқықбұзушылық пен қылмыстар жөнінде айтып өтті.