Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Ашық Жүрек» жобасы

«Ашық Жүрек» — волонтерлік қызметке қатысқысы келетін, өз уақыты мен энергиясын қоғамға көмек көрсетуге жұмсағысы келетін университеттің әрбір студенті кіре алатын студенттік ұйым. Волонтерлік қызметті жастар арасында соның ішінде студенттер арасында кеңінен насихаттауға және осы жолда жобаларды жүзеге асыратын студенттік волонтерлік ұйым.

Мақсаты мен міндеттері:

  • Университетте волонтерлік қозғалысқа және оның дамуына жәрдемдесу;
  • Әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек;
  • Студенттер арасында қайырымдылық, адалдық және адамгершілік сияқты құндылықтарды тәрбиелеу.
  • Студенттерді волонтерлік жобаларға тарту;
  • Волонтерлік арқылы студенттердің әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру;
  • Студенттердің азаматтық ұстанымын нығайту;
  • Студенттердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.