2020 жылдың 2 қазанында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті.

Колледжіміздің көптеген оқытушылары Облыстық білім басқармасының, Облыстық кәсіподақ ұйымының, «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның, Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының, «Нұр-Отан» партиясының, Ішкі саясат басқармасының, Облыстық кәсіпкерлер палатасының және де колледжіміздің «Құрмет» грамоталары мен «Алғыс» хаттарымен марапатталды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы колледжіміздің 5 оқытушысы Есетова Мира Климовна, Асабаева Лязат Биктыбаевна, Елтезерова Гаухар Суйндиковна, Нурудинова Ардақ Аманжолкызы және Нурина Жазира Калимухановнаға «Сарыағаш» шипажайына сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ, 20 оқытушымызға колледж әкімшілігі және колледж кәсіподағы тарапынан 15 000 теңге сомасына сертификаттар табысталды.

Мерей жасқа толған қызметкерлер де ресми түрде құттықталып, сертификаттарға ие болды.

Біздің ұжымда қызмет ететін директордың АТЖ орынбасары Хайруллаев Ринат Аскерович және бас есепші Нургалиева Анара Женисовна үйленіп отау құрды. «Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып аттанған қадамдарыңыз құтты болсын» деп кәсіподақ төрайымы Саламат Гүлбабаш Алдиярқызы екі жасқа «Перчини» итальяндық мейрамханасына романтикалық кешкі асқа сертификат табыстады. Құттықтаймыз!