Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

2018

Бүгінгі таңда колледж білікті де, білімді мамандар даярлау ісіне баса назар аударып, оған қажетті бар жағдайды жасап келеді. Колледжде ғылыми зерттеу жұмыстарына педагог қызметкерлер мен студенттер белсенді түрде тартылады. Олар халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға, форумдарға, семинарларға белсенді қатысады. Студенттік ғылым да қарқынды дамуда. Әсіресе, Кіші Ғылым Академиясы тарапынан ұйымдастырылатын облыстық, республикалық деңгейдегі конференцияларда біздің студенттер аса белсенділік танытып, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бүгінгі таңда біздің түлектеріміз мұнай-газ салаларында, бизнестің түрлі салаларында, банктерде, түрлі кәсіпорындарда қызмет етуде.

2010

Соңғы жылдары ғана колледж ғимаратының бесінші қабаты салынып бітіп, жаңадан бірқатар оқу кабинеттері ашылды. Спорт залы, шеберханалар, болашақ мұнай саласы мамандарына арналған полигон іске қосылды. 2010 жылдан бастап колледжде автомектеп ашылып, қазіргі уақытқа дейін 1030 адам жүргізушілік куәлік алып шықты. Оқытушылардың ғылыми қызметі мен кәсіби шыңдалуына айрықша көңіл бөлінуде. Мұнда олардың еңбек ете жүріп роботтарды басқару бағдарламасын жасауды үйренуіне мүмкіндік жасалған. Осындай ізденістерге студенттер де молынан қамтылады. Колледждегі мәдени іс-шараларға, колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің материалдық жағдайына мән беретін, колледждің жалпы мәдени ағарту ісіне белсенді үлес қосып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымының да атқарар қызметі зор. Сондай-ақ, оқу орнында жұмыс істейтін кітапханада 95 мың кітап қоры бар. Техникалық және кәсіптік білімі бар, еңбек нарығында бәсекеге сай, жоғарғы білікті маман даярлауды мақсат тұтатын колледждің білім беру саясаты — еңбек нарығындағы даму талаптарына сай, кәсіптік дайындығы бар, үнемі өз білімін жетілдіре түсетін және өзін-өзі дамыта білетін тұлға әзірлеу.

Ардагер-ұстаздар

Қазақстанның батыс аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуына колледжіміздің де қосар қомақты үлесі бар , өйткені, сұранысқа сай мамандар осы жерде даярланады. Колледжде оқыту күндізгі, сырттай, ара қашықтықта: 1302000 «Автоматтандыру және басқару», 1302023« Электромеханик»; 0801000 «Мұнай және газды қайта өндеу технологиясы», 0801143 «техник-технолог»; 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», 1304043 «техник бағдарламашы»; 1305000 «Ақпараттық жүйелер», 1305023 «техник-бағдарламашы»; 0512000 « Аударма ісі», 0512013 «аудармашы»; 010400 «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша) -0104013 «өндірістік оқыту шебері, техник» -0104023 «өндірістік оқыту шебері, техник-технолог» 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», 1401213 «техник-құрылысшы»; 0819000 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы», 0819073 «техник-технолог»; 0518000 «Есеп және аудит», 0518033 «экономист-есепші»; 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», 0809223 «техник-технолог»; 0902000 «Электрмен қамтамасыздандыру», 0902033 «техник-электрик» мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Ардагер-ұстаздар

Көптеген түлектерге өмірге жолдама берген , сонымен қатар өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын ардагер, тәлімгер-ұстаздар ішінен Шкилева Н.А., Манасуева Т.А., Чуев В.К., Тюмалиев А.А., Аяпбергенова Ж.А., Шкилев А.П, Падун Ф.В., Паламаржа Ф.В., Мараховская О.Н., Володарская Г.К., Аппаратова Л.А., Кенжебаева У. сияқты оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін атап өтуге болады.

Түлектер

53 жылдық тарихында 49-шы түлегін ұшырғалы отырған қасиетті қара шаңырақтың түлектері бұл күндері ел экономикасын өрістетуге елеулі үлес қосып жүр. Білім ошағынан мыңдаған түлектер өмірге жолдама алды. Біздің түлектеріміз түрлі салаларда: мектептерде, мемлекеттік және жеке мекемелерде қызмет етеді. Олардың ішінен Сағындықов Е.Н., Друзьяк В.Г. Климчук В.И., Баймашев Т.К. , Анарбекова Қ, Рысбаев Р. Джапаров Г сияқты азаматтарды ерекше атап өтуге болады.

1994

Техникум алғашында тек қана «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша мамандар даярласа, 1984 – 1985 оқу жылынан бастап «Материалдарды станоктарда және автоматты жүйелерде өңдеу» және «Автомобильдер мен двигательдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары ашылды.

1984-1985

Техникум алғашында тек қана «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша мамандар даярласа, 1984 – 1985 оқу жылынан бастап «Материалдарды станоктарда және автоматты жүйелерде өңдеу» және «Автомобильдер мен двигательдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары ашылды.

1979

1979 жылы Шұбарқұдық кәсіпшілігінен Ақтөбе индустриалды – педагогикалық техникумы Ақтөбе қаласына қоныс аударды.

1965

Бұл оқу ордасының алғашқы іргетасы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 582 қаулысының шешіміне сәйкес 1965 жылы сәуірдің 17 жұлдызында № 6 кәсіптік -техникалық училишесі базасында Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде Темір индустриалды техникумы негізінде қаланды. Ең бірінші қабылдау комиссиясы 1965 жылдың шілде айынан бастап, Шұбарқұдық кәсіпшілігінің ескі ғимаратында алғашқы түлектерін қабылдады.

1965

Ақтөбе политехникалық колледжі Қазақстанның батыс аймағындағы іргелі оқу орындарының бірі.