Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ақтөбе политехникалық колледжі
Тарихи анықтама

1965 жылы – Темір индустриалды техникумы негізінде қаланды

1967 жылы Темір индустриалды – педагогикалық техникумы

1977 жылы Ақтөбе индустриалды- педагогикалық техникумы

1979 жылы Шұбарқұдық кәсіпшілігінен Ақтөбе индустриалды – педагогикалық техникумы Ақтөбе қаласына қоныс аударды

1996 жылы үкіметтің қаулысымен техникум Ақтөбе политехникалық колледжі болып өзгертілді

2019 жылдан Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі

Колледждің қалыптасу тарихы

Ақтөбе политехникалық колледжі Қазақстанның батыс аймағындағы іргелі оқу орындарының бірі.

Бұл оқу ордасының алғашқы іргетасы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 582 қаулысының шешіміне сәйкес 1965 жылы сәуірдің 17 жұлдызында № 6 кәсіптік -техникалық училище базасында Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде Темір индустриалды техникумы негізінде қаланды. Ең бірінші қабылдау комиссиясы 1965 жылдың шілде айынан бастап, Шұбарқұдық кәсіпшілігінің ескі ғимаратында алғашқы түлектерін қабылдады.

  • 1965

    Темір индустриалды-педагогикалық техникумының алғашқы ғимараты

Техникум алғашында тек қана «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша мамандар даярласа, 1984 – 1985 оқу жылынан бастап «Материалдарды станоктарда және автоматты жүйелерде өңдеу» және «Автомобильдер мен двигательдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары ашылды.

  • Алғашқы ұстаздар құрамы

Техникумның ашылған күнінен бастап 1994 жылдың наурыз айына дейін өзінің іскерлігімен, табандылығымен, білгірлігімен және ақылдылығымен көпшілікке танымал болған Чуев Виталий Михайлович басшылық етті. Виталий Михайлович техникумның материалды-техникалық базасын дамытумен қатар қызметкерлердің әлеуметтік, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлді. Оқу орнының материалдық – техникалық және оқу – әдістемелік базасының қалыптастырылуы басшымен бірге, оқу орнының өзге де қызметкерлерінің, оқытушылар құрамының қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістігі және оқу ордасының даму тарихына қосқан сүбелі үлесі еді.
Колледждің дамуына педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, ҚР білім беру ісінің үздігі Қасымбек Төлеуұлы Алдияровтың атқарған еңбегі зор.
Оқу ордасының дамуына түрлі кезеңдерде оның директорлары өлшеусіз үлес қосты.
Бүгінгі күні колледж директоры техника ғылымдарының кандидаты Мухамбетпаизова Женискул Сагидоллаевна.

Түлектер

53 жылдық тарихында 49-шы түлегін ұшырғалы отырған қасиетті қара шаңырақтың түлектері бұл күндері ел экономикасын өрістетуге елеулі үлес қосып жүр.

Білім ошағынан мыңдаған түлектер өмірге жолдама алды. Біздің түлектеріміз түрлі салаларда: мектептерде, мемлекеттік және жеке мекемелерде қызмет етеді. Олардың ішінен Сағындықов Е.Н., Друзьяк В.Г. Климчук В.И., Баймашев Т.К. , Анарбекова Қ, Рысбаев Р. Джапаров Г сияқты азаматтарды ерекше атап өтуге болады.

  • 1969

    Алғашқы түлектер. 1969 ж.

Ардагер-ұстаздар

Көптеген түлектерге өмірге жолдама берген , сонымен қатар өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын ардагер, тәлімгер-ұстаздар ішінен Шкилева Н.А., Манасуева Т.А., Чуев В.К., Тюмалиев А.А., Аяпбергенова Ж.А., Шкилев А.П, Падун Ф.В., Паламаржа Ф.В., Мараховская О.Н., Володарская Г.К., Аппаратова Л.А., Кенжебаева У. сияқты оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін атап өтуге болады.

Қазақстанның батыс аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуына колледжіміздің де қосар қомақты үлесі бар , өйткені, сұранысқа сай мамандар осы жерде даярланады.

Колледжде оқыту күндізгі, сырттай, ара қашықтықта:

1302000 «Автоматтандыру және басқару», 1302023« Электромеханик»;

0801000 «Мұнай және газды қайта өндеу технологиясы», 0801143 «техник-технолог»;

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», 1304043 «техник бағдарламашы»;

1305000 «Ақпараттық жүйелер», 1305023 «техник-бағдарламашы»;

0512000 « Аударма ісі», 0512013 «аудармашы»;

010400 «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша)
-0104013 «өндірістік оқыту шебері, техник»
-0104023 «өндірістік оқыту шебері, техник-технолог»

1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», 1401213 «техник-құрылысшы»;

0819000 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы», 0819073 «техник-технолог»;

0518000 «Есеп және аудит», 0518033 «экономист-есепші»;

0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», 0809223 «техник-технолог»;

0902000 «Электрмен қамтамасыздандыру», 0902033 «техник-электрик» мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Оқу орнының маңызды ерекшеліктерінің бірі — колледжде қосымша білім беру қызмет түрлері де бар, яғни студенттерді қосымша жұмысшы мамандығына және оқытады. Сондай-ақ, 83 мамандық бойынша жұмысшы мамандарды қайта даярлаумен, олардың біліктілігін көтерумен шұғылданады.

Жұмыс берушілер барынша белсенді түрде политехникалық колледж оқушылары қазіргі замаңғы технологияларды, техниканы меңгерген, кәсіби тәжірибені неғұрлым табысты мекемелерде өткізсін деген ниетпен кәсіптік білім беру мазмұнын үздік жаңартып отырады.

Ақтөбе политехникалық колледж түлектері үшін негізгі жұмыс берушілер:
« СНПС Ақтөбемұнайгаз » АҚ, «Ақтөбе – энергомұнай », « Жаңажол ГӨЗ ( газ өңдеу зауыты) », « Октябрь, Кеңкияқ МГӨБ ( Мұнай – газ өндіру басқармасы )», « Стройдеталь » ЖШС, « Карета » ЖШС , « Спарта » ЖШС, «Автопарк » ЖШС, « Сан – вей 21 » ЖШС, «Батысгеодезия », РМКМ, «УНР-371» ЖШС т.б болып табылады.

  • 2010

Соңғы жылдары ғана колледж ғимаратының бесінші қабаты салынып бітіп, жаңадан бірқатар оқу кабинеттері ашылды. Спорт залы, шеберханалар, болашақ мұнай саласы мамандарына арналған полигон іске қосылды. 2010 жылдан бастап колледжде автомектеп ашылып, қазіргі уақытқа дейін 1030 адам жүргізушілік куәлік алып шықты.
Оқытушылардың ғылыми қызметі мен кәсіби шыңдалуына айрықша көңіл бөлінуде. Мұнда олардың еңбек ете жүріп, роботтарды басқару бағдарламасын жасауды үйренуіне мүмкіндік жасалған. Осындай ізденістерге студенттер де молынан қамтылады.
Колледждегі мәдени іс-шараларға, колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің материалдық жағдайына мән беретін, колледждің жалпы мәдени ағарту ісіне белсенді үлес қосып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымының да атқарар қызметі зор.
Сондай-ақ, оқу орнында жұмыс істейтін кітапханада 95 мың кітап қоры бар.
Техникалық және кәсіптік білімі бар, еңбек нарығында бәсекеге сай, жоғарғы білікті маман даярлауды мақсат тұтатын колледждің білім беру саясаты — еңбек нарығындағы даму талаптарына сай, кәсіптік дайындығы бар, үнемі өз білімін жетілдіре түсетін және өзін-өзі дамыта білетін тұлға әзірлеу.

  • 2013

Бүгінгі таңда колледж білікті де, білімді мамандар даярлау ісіне баса назар аударып, оған қажетті бар жағдайды жасап келеді. Колледжде ғылыми зерттеу жұмыстарына педагог қызметкерлер мен студенттер белсенді түрде тартылады. Олар халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға, форумдарға, семинарларға белсенді қатысады. Студенттік ғылым да қарқынды дамуда. Әсіресе, Кіші Ғылым Академиясы тарапынан ұйымдастырылатын облыстық, республикалық деңгейдегі конференцияларда біздің студенттер аса белсенділік танытып, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бүгінгі таңда біздің түлектеріміз мұнай-газ салаларында, бизнестің түрлі салаларында, банктерде, түрлі кәсіпорындарда қызмет етуде.
Ақтөбе политехникалық колледжінде оқудың артықшылығы:
оқыту мен білім берудің алуан түрлі формаларының қолданылуы, жоғары кәсіби дәрежелі оқытушылардың құрамы, тиімді бағамен сапалы білім алуы.
Жастарды тәрбиелеу қазіргі білім беру үдерісінің басым да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Оның өзектілігі әр бастамада үлкен мақсаттылықпен, белсенді өмірлік позициясымен ерекшеленеді.
Мәртебесі биік оқу ордасы өзінің жарты ғасырдан астам тарихында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
2010 жылы республика ауқымында мұнай-газ саласы бойынша білім беретін орта оқу орындары арасында үздік деп танылуы — соның бір дәлелі.
2013 жылы Ақтөбе политехникалық колледжі ҚР Ғылым және білім министрлігінің қолдауымен «Кәсіптік және техникалық білім беруді жетілдіру» жобасы арқылы Халықаралық қайта жаңарту және дамыту банкінің қаржыландыруымен жүзеге асатын жобаны жеңіп алды.
2019 жылдан бастап колледжіміз Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі атағына ие болды.