СОГЛАСОВАНО: СОГЛАСОВАНО: УТВЕРЖДАЮ:
Председатель учебно- методического объединения по профилю ” Электротехника и энергетика»
К.А.Каткенов
Директор “Бишкекский инновационный колледж” к. ф. н., доцент
К. Э. Эркинбеков
Директор «Актюбинский Высший политехнический колледж” к. т. н.,
Ж. С. Мухамбетпаизова
ПОЛОЖЕНИЕ
о проведении международной студенческой Олимпиады
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН, 2025 г
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Білім энергиясы» халықаралық студенттік Олимпиадасының
ЕРЕЖЕСІ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Осы ереже техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 2-3 курс студенттерінің арасында арнайы пәндер бойынша халықаралық Олимпиадаға қатысудың шарттары, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етілуін, мақсаттары мен міндеттерін, жеңімпаздарды сондай-ақ марапаттау тәртібін анықтайды.
- Олимпиада Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында орналасқан «Бішкек инновациялық колледжі» мекемесі мен Қазақстан Республикасы ШЖҚ «Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі» МКК арасындағы меморандум негізінде,
«Электротехника және энергетика» (РУMO) бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің қолдауымен өткізіледі.
2. ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
- Олимпиаданың өткізу күні: 2025 жыл 23 сәуір
- Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Рысқұлов көшесі, 267, Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы, Турусбеков көшесі, 89
- Қазақстан уақыты: 10 сағат 00 минут – 14 сағат 00 минут
- Кырғызстан уақыты: 10 сағат 00 минут – 14 сағат 00 минут
- Өткізу нысаны: онлайн
- Олимпиада қатысу тілі: қазақ және орыс
- Олимпиадаға қатысу өтінімдерді (1 қосымша) негізінде 04.2025 жылға дейін әр оқу орнынан қатысатын студенттердің тізімі, мекеме басшысының мөрімен расталған өтінішімен жіберілуі қажет.
- Әр оқу орнынан 10 студент қатыса алады.
- Олимпиадаға қатысу үшін өтінішті мына электрондық поштаға (ahpc2025@mail.ru) 2025 жылдың 16 сәуіріне дейін жіберу керек.
Модераторлар:
Казақстан. Тоймагамбетова А.М., 87774341196; Айтказиева Г.С., 87054958890. Әдістемелік кабинет: Есетова М.К., 87014240431, Молдабева М.Н., +7 7017080783.
Кыргызстан. Атакулова З.М. +996 706 831212
3. ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Мақсаты:
- Электрмен қамтамасыз ету және экономика саласындағы мамандықтарды игеру мақсатында білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі білімдерін, заманауи көзқарас негізінде қызығушылықты арттыру.
3.2. Міндеттері:
- білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- студенттердің арнайы пәндер бойынша білімдерін кеңейту;
- студенттердің кәсіби қызметте ақпараттық технологиялар мен заманауи жабдықтарды меңгеруде қызығушылықтарын жандандыру;
- студенттердің халықаралық деңгейде елдердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға көмектесу.
4. ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- Олимпиаданы дайындау және өткізу бойынша барлық іс-шаралардың орындалуын және ақпараттық-технологиялық қажеттілікпен қамтамасыз ету;
- Олимпиада тапсырмаларының жиынтығын дайындайды және бекітеді; Олимпиада басталғанға дейін тапсырмалардың құпиялығы үшін толық жауап береді;
- Олимпиадаға қатысушылардың жұмысын бағалау критерийлері мен шарттарын әзірлейді және академиялық адалдықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Олимпиада материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Олимпиаданың ұйымдастырушылары Олимпиада бағдарламасын әзірлейді.
- Олимпиадаға қатысушылар мен жеңімпаздар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы ШЖҚ «Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі» МКК (https://ahpc.edu.kz/) және Кыргызстан Республикасы «Бішкек инновациялық колледжі» (bik.kg) сайтына орналастырылады.
5. ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
- Олимпиада тапсырмалары келесі тақырыптар бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылған материалдар көлемінде құрастырылған:
- «Электрмен қамтамасыз ету» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша TECT тапсырмалары беріледі;
- Олимпиаданың тест тапсырмалары «Электрмен қамтамасыз ету» және
«Бухгалтерлік есептің негіздері» пәндері бойынша құрастырылған. Тапсырмалардың тақырыптары студенттердің тәжірибесіне, қызығушылықтарына және даму деңгейіне сәйкес келеді.
- Олимпиада бір турдан тұрады. Бағалау баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
- Олимпиада жеңімпаздары ашықтық пен академиялық адалдық қағидаттарына сәйкестігін тексерілгеннен кейін сайтта автоматты ұпай жинау негізінде анықталады.
- Олимпиаданың нәтижесі ұйымдастырушының әлеуметтік желілерінің аккаунттарында жарияланады.
Тапсырма: компьютерлік тестілеу, онлайн-платформада
Энергетика, қазақ https://onlinetestpad.com/t/ahpctestElectricalinstallation2025Kaz
Энергетика, орыс https://onlinetestpad.com/t/ahpctestElectricalinstallation2025rus
Экономика, орыс https://onlinetestpad.com/t/ahpctestuchetiaudit2025rus
№ | Тапсырмалардың критерийлері | |
1 | Бағалау критерийлері | «Электрмен қамтамасыз ету» және
«Бухгалтерлік есептің негіздері» пәндері бойынша негізгі ұғымдарын білу |
2 | Тестілеу тілі (таңдау)
«Электрмен қамтамасыз ету» |
Қазақ, орыс |
3 | Тестілеу тілі (таңдау)
«Бухгалтерлік есептің негіздері» |
Орыс |
4 | Тесттегі сұрақтар саны (әр мамандық бойынша) | 150 сұрақ |
5 | Бір қатысушыға | 30 сұрақ |
6 | Тапсырманы орындау уақыты | 45 минут |
7 | 1 дұрыс жауап | 1 балл |
8 | Тест үшін ең жоғары балл саны | 30 балл |
9 | Тесттен өту әрекеттерінің саны | 1 әрекет |
Ескерту: Дұрыс әрі нақты уакытында жауап берген қатысушы жеңімпаз деп танылады.
- Олимпиада барысында қатысушыларға қойылатын талаптар:
- қандай да бір әдебиетті (кітаптар, сайттар және т.б) пайдалануға тыйым салынады;
- Олимпиада кезінде экраннан көшіруге немесе өшіруге рұқсат етілмейді.
- электрондық құралдар мен байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
-көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда қатысушының осы кезеңдегі орындаған жұмысы «0» баллмен бағаланады.
-олимпиада нәтижелері тест аяқталғаннан кейін көрсетіледі.
-марапаттау он жұмыс күні аралығында сайтқа салынады.
6. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
- Олимпиада нәтижелері 14 жұмыс күні аралығында хабарланады.
- Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары ұпай сандарына байланысты (29-30 – 1 орын, 26-28 – 2 орын, 24-25 – 3 орын) анықталады.
- Олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
- Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар беріледі.
(Қосымша 1)
№ | Олимпиадаға қатысушының аты-жөні (жеке куәлік бойынша/туу туралы куәлігі бойынша)байланыс телефоны | Оқу орынының толық атауы, курсы, мамандығы, қатысу тілі (қазақ, орыс) | Жетекшінің аты- жөні (жеке куәлік бойынша),байланыс телефоны, e-mail |