Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі Ақтөбе облысындағы ірі кәсіпорындар мен мекемелермен тиімді ынтымақтастық орнатып, студенттерді практикаға алу және оқытушыларды тағылымдамадан өткізу мақсатында көптеген келісім-шарттар мен меморандумдарға қол қойып, өндірістік тәжірибе алу және дуалды оқыту жүйесін дамытуда белсенді жұмыс істеуде.
Колледждің серіктестері қатарында облыс пен ел бойынша мемлекеттік маңызы бар ірі кәсіпорындар мен сала бойынша жетекші ірі кәсіпорындар бар, олар:
- “Қазпошта” АҚ Ақтөбе облыстық филиалы — мемлекеттік қызметтер аясында пошта қызметін көрсететін ірі ұйым, Қазақстан бойынша кең таралған байланыс жүйесін қамтамасыз етеді. Бұл мекеме колледждің 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрі бойынша)» мамандығы студенттері мен түлектері және оқытушыларына тәжірибелік база болып табылады;
- Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – «Қазхром» Трансұлттық компаниясының филиалы — шойын, болат және ферроқорытпаларды өндіру саласындағы ірі өндірістік кәсіпорын, металлургия саласында жетекші. Бұл зауыт колледждің 04110100 «Есеп және аудит», 07140100 «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша)», 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» мамандықтарына өндірістік тәжірибе базасын ұсынады;
- “Ақтөбе рельс арқалық зауыты” ЖШС — темір жол инфрақұрылымының маңызды элементтері — рельс және арқалық өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорын, темір жол саласының дамуына үлес қосады. Колледждің 02310100 «Аударма ісі (түрлері бойынша)» мамандығы студенттеріне тәжірибелік база болып табылады;
- “СНПС – Ақтөбемұнайгаз” АҚ — шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру және қайта өңдеу бойынша ірі мұнай-газ компаниясы. Бұл компания колледждің мұнай саласы бойынша 07110400 «Зертханалық технология», 07110500 «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы», 07240900 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандықтарына тәжірибе ұсынады; сонымен қатар 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы студенттерін 2020 жылы компьютерлік техникамен қамтамасыз етті;
- “Энергосистема” ЖШС Ақтөбе филиалы — электр энергиясын беру және тарату саласындағы ірі компания, электр энергетикасының сенімді жұмысына жауапты. Колледждің 07130200 «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)», 07130700 «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)» мамандықтары бойынша кадрлар даярлауда қолдау көрсетіп, қазіргі таңда колледж базасында тәжірибе сабақтарын өткізуге негізделген полигон дайындау жұмыстарын атқаруда;
- “Үй құрылыс комбинаты” ЖШС — құрама темірбетон және бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіретін орта кәсіпорын, құрылыс саласының маңызды серіктесі. Бұл мекеме колледждің 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» мамандығы студенттері мен түлектерін жұмыспен қамтып отыр.
Осы ірі және сала бойынша жетекші кәсіпорындармен жасалған келісімшарттар мен меморандумдар аясында колледж студенттерін өндірістік тәжірибе мен дуалды оқытуға бағыттап, кәсіби даярлықты арттыруда маңызды рөл атқаруда. Сонымен қатар, кәсіпорындардан тәлімгерлер тартылып, оқытушылардың тағылымдамасы ұйымдастырылып келеді.




