Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде «Экономикалық пәндер» циклдік-әдістемелік бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы К.М. Кылышбаева 201Б тобында ЖКП 05. «Менеджмент және маркетинг негіздері» пәнінен «Тауар жылжытылуы және маркетингтік коммуникациялық саясат» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға маркетингтік коммуникациялар кешенінің мәнін ашып көрсетіп, тауарлар мен қызметтерді жарнамалау түрлерінің қолдану аясын меңгеру.
Ашық сабақ онлайн платформалар көмегімен оқытудың түрлі әртүрлі әдістерін қолданумен ерекешеленді. Ашық сабақ барысында топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалып, мақсатына жетті.