Жасөспірімдер арасында бір реттік вейп “эпидемиясы” белен алуда. Мемлекет басшысы қол қойған “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекстің 110 бабына сәйкес, 21 жасқа толмаған тұлғаларға ішінде сұйықтығы бар шегуге арналған электронды құрылғыны өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз тиым салынған. Мәселенің маныздылығын ескере отырып жүйелі ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында “Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!” Атты апталығы аясында колледжіміздің еріктілер тобы студенттерге жадынамалар таратып, электронды шылымның зияны жөнінде ақпарат таратты.