Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР

2022 жылдың 8 ақпанында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен  «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша «Техникалық және кәсіптік жүйесінде жастарға рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру жолдары» атты республикалық педагогикалық оқулары өтті.    Шараның мақсаты: Ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар негізінде ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға рухани-адамгершілік білім берудің ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау» Республикалық педагогикалық оқуларға ҚР БжҒМ – нің, Алматы қаласы білім басқармасының өкілдері мен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын оқу-тәрбие ірдісіне интеграциялау пилоттық жобасын іске асрушы колледждердің басшылары, оқытушылары қатысты.     Колледж әдіскері, Ескалиева Салтанат Бахытовна, педагогикалық оқулардың пленарлық отырысында баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.