101 ПГ тобында «Физика-математика пәндері» ЦӘБ-гі математика пәнінің оқытушысы Б.Итибаевтың «Нақты көрсеткіштік дәреже және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: студенттердің математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып, білімдерін жетілдіру.
Студенттердің пәнге танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық, алгоритмдік тұрғыдан дұрыс ойлау жүйесін дамыту мақсатында сабақ барысында логикалық сергітулер, шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, іздену және зерттеу сипатындағы жұмыстар жүргізілді. Сабақ соныңда студенттермен кері байланыс «Ашық микрафон» өткізіліп, студенттердің ой-пікірлері тыңдалды.