“Ақпараттық жүйелер” бөлімінің топтарында 6-11 желтоқсан күндері “Тәуелсіздік – бабалар аманаты” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
-Біліміділік: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи мағынасын ашып, студенттерге түсіндіру.
-Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
-Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, студенттерді ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.