2021 жылдың 17 наурыз күні "Автоматтандыру және басқару" бөлімі мен дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен «Наурыз-мәңгілік ел салтанаты» атты іс -шара өткізілді. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның негізгі мақсаты: Ұлттық спорттық ойындарды насихаттап, ұлтжандылыққа, ұлттық дәстүрлерді білуге тәрбиелеу. Шара барысында студенттер, тоғызқұмалақ, қол күрес, асық ойнау, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындарда өз күштерін сынады. Жеңімпаздар анықталып, диполомдар табысталды.