Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, " 30 игі іс" шарасын жүзеге асыру мақсатында "Жалпы білім беру пәндері" бөлімі 102АС тобының ата-аналары мен топ кураторы бірлесе отырып, "Үміт" балалар үйіне түрлі ойыншықтар, балаларға қажетті дәрумендер апарып қайырымдылық шарасын жасады. Қайырымдылық жасау барысында студенттер "Анасын бала, баласын Ана, Жоқтамасын мәңгілік!" деген жүрекжарды сөздерін іштей сан қайталай отырып, болашақта балалардың бақытты күлкісін ғана көруге тілектестік білдірді.
#тәуелсіздікке30жыл#
#ақтөбеашықжүрек