«Таза сессия» акциясы
Қысқы емтихан сессия кезiнде колледждің басшылығы мен "Саналы ұрпақ" ерiктiлер тобынын мүшелерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адал сессия" акциясын ұйымдастырды. Акция сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шаралардың тиімділігін арттыруға, оқу орнында сыбайлас жемқорлық актілерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталды.
Негізгі міндет - сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, оқу орнында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу бойынша ықтимал тетіктерді қарау.
Акция қорытындысы колледждегі сыбайлас жемқорлық ахуалының қазіргі жағдайын көрсетті. Оқу процесінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көріністері байқалмады. Студенттер колледждегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоққа шығарды.
Студенттердің пікірі: «Адал сессия сынды акциялардың арқасында сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз фактіні жоюға зор ықпал етеді. Бұл студенттер үшін де, білім үшін де маңызды!».