2020 жылдың 18 қарашасында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде кітапхана меңгерушісі И. Н. Авдеева және колледж әдіскері С. Б. Есқалиева «Парасаттылық мектебі» аясында студенттермен “Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді» тақырыбында семинар-кеңесін өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты : студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу.
Семинар барысында студенттер сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің негізгі нысандарымен танысты, пікірталасқа қатысты, өз пікірлерін білдірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен өз әдістерін ұсынды, “Парасаттық мектебі” тақырыбындағы кітап көрмесімен танысып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы бейнероликтерді көріп, өз ойларын ортаға салды. Семинар өте қызықты және танымды өтті.
Кітапхана меңгерушісі Авдеева И.Н.