1- қазан Қарттар күні және Еңбек мерекесіне орай Ақтөбе Жоғары политехникалық колледж студенттерінің арасында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел -ардақты» атты студенттер арасында онлайн режимінде 9 қыркүйектен бастап құттықтау сайысы жарияланып ,бүгін өз мәресіне келіп жетті. Байқауға 20 бейнеролик ұсынылды. Нәтижесінде комиссия құрамының шешімімен Бас жүлде -303 АС тобы, 1-орын 302 АС тобы, 2-орын-201 РМ тобының студенті Қайратұлы Ақжол иеленсе, жүлделі 3-орынды 202 ИС тобының студенттері жеңіп алды. Комиссия құрамында Кәсіподақ ұйым төрайымы Г.Б.Саламат, ТІЖ орынбасары Г.У.Есенгалиева, Ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Кушелекова, Жастар комитетінің төрайымы Ш.Б.Амангалиева болып, жүлдегелерді анықтады. Жүлделі орын иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
- 29 Қыр
- 2020