Мемлекеттік қорытынды емтихан
Ағымдағы жылдың 12 маусым күні «Есеп және аудит» мамандығы бойынша колледж бітіруші 301Б тобында «Қаржылық есеп» пәнінен мемлекеттік қорытынды емтихан өткізілді.
Мемлекеттік қорытынды емтихан комиссиясының 65% әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың экономист-бухгалтер мамандарынан, 35% колледж оқытушыларынан құрылды:
Кенжегулова Г.Б. – «Темірбетон» ЖШС-ң бухгалтері, комиссия төрайымы, Нуржанова А.А. – «SCT SERVICE AKTOBE» ЖШС-ң бухгалтері, Есет А.М. – «Компания Техногаз» ЖШС-ң бухгалтері, Турегалиева Ж. – «БИОС ПЛЮС» ЖШС-ң бухгалтері, Есетова М.К.- «Қаржылық есеп» пәнінің оқытушысы, Ерекешев К.М. – «Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау», «Ұйым экономикасы» пәнінің оқытушысы, Кылышбаева К.М. – «Ұйым экономикасы» пәнінің оқытушысы, комиссия хатшысы.
Болашақ экономист-бухгалтер мамандар өз білімдерін комиссия алдында дәлелдеп, жақсы нәтижелер көрсетті.
«Экономикалық пәндер» ЦӘБ