2020 жылғы 8 қаңтарда Психологиялық-педагогикалық шеберлік мектебінің кезекті семинары аясында арнаулы пән оқытушылары Ш. Кобдабаева мен Н. Исмагулова «Google Classroom for a «Student Teacher» тақырыбында шебер-класс өткізді.
Мақсаты: «Google Classroom for a «Student Teacher» негізінде интернет арқылы жеке тапсырмалар берудің тиімділігін жеткізу.
Шебер-класс барысында оқытушылар “Google класс” ортасында студенттерге жеке тапсырма беру, қайта байланыс орнату кезінде Google құжаттар, Google диск және Gmail электрондық почтасын интеграциялауды түсіндіріп, Google кластағы жалпы жұмыс процесін демонстрациялады.