С. Ескалиеваның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынған «Қарым – қатынас психологиясының негізі және іскерлік қатынастар этикасы» оқулығы жарық көрді. «Фолиант» баспасы, Нұр-Сұлтан қаласы, оқулық тиражы -1000 дана.
Оқулыққа пікір жазғандар: Қартбаева Ж. Ж. – психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Байғанова А. М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Жумагазина Г. У. – арнаулы пән оқытушысы, психолог
Оқулық мазмұнында қарым-қатынас түрлері, адамның коммуникативтік мүмкіндіктері және оны жүзеге асыру жолдары, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас құралдары, тыңдау дағдылары, іскерлік қарым-қатынас негізін орнату жолдары, іскер адамның этикасы туралы баяндалған.
Ж. Ходжаниязова