04110100 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 201Б тобының студенттері 2023-2024 оқу жылының кестесіне сәйкес «20» мамырдан «14» маусымға дейін КМ3 «Қызметкерлерге жалақыны, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есепке алу» және КМ4 «Түгендеуге қатысу» модульдерінен өндірісте кәсіптік практикадан өтуде.
Осы оқу жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Enbek.kz порталында ТжКБ студенттерінің кәсіби практикадан өтуге бағытталған пилоттық жобасын бастады. Жоба аясында «Есеп және аудит» мамандығының 201Б тобының студенттері кәсіптік практикадан өту орнын іздеу үшін өздерінің түйіндемелерін порталда жариялады.
Кәсіби практикадан өтетін студенттерге арналған бос жұмыс орындарын орналастыратын ұйымдарды жобаға қатысуға шақыру арқылы жобаны іске асырып отырмыз. Ол үшін кәсіпорын немесе жеке кәсіпкер Enbek.kz порталына жұмыс беруші ретінде тіркеліп, порталдағы жеке кабинет арқылы «Бос жұмыс орындары» бөлімінде «ТжКБ немесе ЖОО студенттерінің кәсіби практикасына қабылдау үшін» деп белгілей отырып, бос жұмыс орнын жариялайды. Порталда жарияланған бос жұмыс орны арқылы тәжірибеден өткісі келетін студенттерді сұхбатқа шақырып, практикадан өтуге қабылдай алады. Жұмыс беруші арнайы батырманы басу арқылы тәжірибиден өтуге порталда тіркелген студенттердің түйіндемесін қарай алады.
Кәсіптік практика барысында студенттер КМ3 «Қызметкерлерге жалақыны, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есепке алу» және КМ4 «Түгендеуге қатысу» модульдерінен ОН 3.3 Орташа жалақыны және демалыс сомасын есептеуге қатысу; ОН 3.4 Еңбек демалысын және демалысты пайдаланбау үшін өтемақыны есептеу; ОН 3.5 Сыйақылар мен ұстап қалуларды есепке алуды жүзеге асыру; ОН 3.6 Бюджетке төлеу үшін заңнамамен белгіленген салықтарды, міндетті жарналарды есептеу, ұстап қалу және аудару; ОН 4.1 Ұйымның мүлкі мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу кезінде қатысу; ОН 4.2 Ұйымның мүлкі мен міндеттемелерін түгендеу жөніндегі операцияларды көрсететін бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру оқыту нәтижелері бойынша кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырып, теориялық білімдерін практикада бекітуде.
Абужанова Ақгүл «АктюбРемстройПеревозки» ЖШС, Әбдіғалиева Ақниет «Date» компаниясында, Имлямин Томирис «НБ-Транс» ЖШС, Маратқызы Саида «Жартас Недра» ЖШС-де кәсіптік практикадан өту барысымен арнайы пәндер оқытушысы Есетова М.К. танысып, бақылап келді.
Практика жетекшісі: Есетова М.К.