Ағымдағы жылдың 23 мамырдың «Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі «Анаға тағзым» ғимаратында өткен ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Өмірің өлеңмен өрнектелген арулар » атты қыз-келеншектер арасындағы қалалық жыр мүшәйрасына Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысып, өскелең ұрпаққа Фариза ақынның қуатты да киелі, көркем шығармаларын насихаттауға зор үлес қосты. Байқау нәтижесінде Шағраева Мерейлім жүлделі II-орынды иеленіп, Тұрсынбаева Жұлдызай Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Алашбаева Г.С
«Мен жазбаймын бұл сөзді ермек үшін» атты жас тілшілер үйірмесінің жетекшісі Гүлжайнар Алашбаева шәкірттерінің жетістігі жөнінде: «Атадан балаға мирас ақындық өнерді жанына серік еткен жастардың аяқ алысы жақсы. Жазба ақындықтың деңгейін көтеруге үлес қосып келеміз»,-деп атап өтті.
Жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз құтты болсын!