24 мамыр 2019 жылғы МКҚК «Ақтөбе жоғары политехникалық колледж» базасында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі»өтті.
Бұл шараны өткізудің негізгі мақсаты – біздің түлектердің еңбек нарығында маман ретінде сұранысқа ие болу керек. Осыған байланысты колледж студенттеріміздің түрлі кәсиби тәжірибеден өткен кәсіпорындар мен мекемелерді, мемлекеттік мекемелерді, яғни әлеуметтік серіктесімізді шақырып отыр.
Біздің тапсырмамыз түлектерімізді таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру, өйткені олардың болашағы біз үшін маңызды. Түлектерімізді еңбекке орналастыру мақсатында әлеуметтік серіктестерімізді шақыру және мұндай шараны ұйымдастыру – біздің инженер-техникалық ұжымымыздың басты тапсырмасы. Жұмыс берушілер, яғни әлеуметтік серіктестеріміз, осы оқу ордасынан білім алып шыққан, өздерінің білімдерін көрсете алатын түлектерімізді таңдайды деп үміттенеміз.
Біз өз түлектерімізге сенімдіміз, өйткені олар мемлекетіміздің ірге тасын қалайтын, қоғамымызға өз үлесін қосатын азамат болары анық.