2022 жылдың 11-сәуір күні ШЖҚ «Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі» ММ мен «Восток нефть и сервисное обслуживание» ЖШС арасында өзараынтымақтастыққа негізделген меморандумға және кәсіптік іс-тәжірибе өткізуге арналған келісім-шартқа қол қойылды.
Шара барысында аталған мекеме әкімшілігі еліміздегі мұнай-газ саласының бұрғылау бағытында жиырма жыл абыройлы қызмет атқаратынымен, мекемедегі нақты өндірістік процестерінің жүру барысымен, технологиялық қондырғылары және олардың жұмыс жасау принциптерімен таныстырып, мұнай-газ саласына қажетті арнаулы білімі бар және жұмысшы мамандардың қажеттігін, мемлекетіміздің жастарды қолдау, сапалы маман даярлау бағытындағы саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.
Өзараынтымақтастық келісім нәтижесінде колледждің 7 білім алушысы өндірістік іс-тәжірибеден өтуге аталған мекемеде қалдырылды.
Өндіріс пен оқу процесінің байланысы ел экономикасын дамытудағы сапалы жас мамандар дайындауға мүмкіндік береді.