Ағымдағы жылдың сәуір айының 11-жұлдызы күні Ақтөбе облысының білім басқармасының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен бітіруші түлектерге Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының Әскери Академиясына оқуға түсу және одан әрі қызметке орналасу мәселелері бойынша Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімінің офицері, аға лейтенант А.Б.Баймурзина кездесіп, кәсіптік кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бітіруші түлектер тарапынан сұрақтар қойылып, әскери адам болудың жауапкершілігі үлкен міндет екендігі туралы мазмұнды сұхбат өрбіді.