Алдияров Касымбек Толеуович
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің директоры, п.ғ.д.
1959 жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1982-87ж. Қазақ КСР ҒА сейсмология Институтында лаборатория инженері болудан бастады. 1987-89ж. Қазақ КСР ҒА математика-механика Институтында лаборатория инженері қызметін атқарып, 1989 жылы Москвада диссертация қорғап, физика-математика ғылымының кандидаты атанады. 1989-1992 ж. Ақтөбе педагогикалық институтының математика факультетіне аға оқытушы ретінде қабылданып, 1993-1995жж. конкурстық негізде кафедра меңгерушісі, 1995-1997 жж. Ақтөбе университетінің инженер-техникалық факультетінің деканы қызметтеріне тағайындалды. 1997-2005 жж. Ақтөбе политехникалық колледжінің директоры. 2005-2008 жж. Ақтөбе облыстық білім басқармасының бастығы. 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін “Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің директоры қызметінде.
1996 ж. доцент ғылыми атағы беріледі. 1996 жылдан жаратылыстану ғылымдары Академиясының, 2012 жылдан Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі. 2013 жылы Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде докторлық диссертациясын қоғап, педагогика ғылымдарының докторы атанды.
ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге
қосқан үлесі үшін 2011ж. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғысымен, 2019 жылы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан «Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің, ҚР Тәуелсіздігінің 20, 25 жылдығы мерейтойлық медальдарының иегері. «Үздік көшбасшы-2017» облыстық байқауының жеңімпазы. «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағының және 300 АЕК көлеміндегі облыс әкімі қаржылай марапатының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынған «Материал кедергісі», «Автоматтандыру негіздері және бақылау-өлшеу аспаптары» оқулықтарының авторы.
Қасымбек Тулеуұлының басшылығымен колледж ҚР бойынша 10 үздік колледждердің қатарына енді. 2019 жылы республика бойынша колледждер рейтингінде 2 орынға шықты. Колледж оқытушылары мен студенттері халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен түрлі жарыстарда үздік атанып, облыс намысын қорғап келеді.
Колледж оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грифиімен шығарылған 20-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарының авторы атанды. Сондай-ақ, жылсайынғы БжҒМ ұйымдастырып отырған «Үздік педагог» байқауында колледж оқытушылары 6 жыл қатарынан (2003, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 жж.) үздік атанды.