Біздің студенттер сан- салада үздік!

«Жасыл ел» еңбек жасақтары көктемгі және жазғы маусымда еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етеді. Біздің оқу орнында білім алатын еңбексүйгіш жастар да өз үлестерін қосқан болатын . Ел игілігіне қызмет еткен «Жасыл елдің»  XV республикалық маусымның жабылуы Павлодар қаласында өткен. Осы салтанатты шараға қатысқан АЖПК студенті, Ақтөбе облыстық штабының сарбазы Тағаберген Айсұлу «ҮЗДІК САРБАЗ» аталымын иеленіп, ҚР Парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның қолынан марапат алды. Шын жүректен құттықтаймыз! Талантты да талапты шәкірттерімізбен мақтанамыз!
IMG-20191101-WA0072