АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 5 қарашада ҚР Парламентінде (Нұр-сұлтан қ.) Қоғамдық келісім туралы ақпарат министрлігі Үкімет сағатын ұйымдастырады.
Студенттік жобалар көрмесіне қатысу үшін, сондай-ақ Парламентарийлермен қарым-қатынас жасау үшін “Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі” жобасы шақырылды.
ERG компаниясы 5 қарашада Нұр-сұлтан қаласында жоба стендінде ұсыну үшін үздік студенттік жобаларды таңдады. Соның бірі біздің колледждің 301 Б тобының студенті Гүлдана Бекетова – “ЖЕУГЕ ЖАРАМДЫ БУКЕТТЕР” атты студенттік жобалар байқауында жеңімпаз атанды, жоба  бойынша жетекшісі экономикалық пәндер оқытушысы М. Бахитжанова.
Құрметті  Гүлдана  колледж атынан шын жүректен құттықтауымыз  қабыл алыңыз, сізге  денсаулық және сәттілік тілейміз!

Ходжаниязова Ж.Т.