АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылы 17 қазанда Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде “Білім беру мекемелерін тиімді басқару – табысты тұлғаны дамыту” атты республикалық семинар аясында “дөңгелек үстел”өтті.
 Директордың АКТ жөніндегі орынбасары Р. А. Хайруллаев “Сандық колледжді ұйымдастыру – ТжКБ-да студенттік кәсіпкерлік және автоматтандыру экожүйесінің басқару жобасы” тақырыбында презентация көрсетті, сөз сөйлеу барысында Ринат Әскерұлы SMART (СМАРТ) технологиясы, электрондық медиатека жұмысын көрсетті, колледж қызметкерлері мен колледж оқушыларына арналған бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігімен таныстырды, сонымен қатар материалдық-техникалық базамен танысу мақсатында колледж бойынша экскурсия өткізілді.
 
Сакебаева Н.Б.
Хайруллаев Р. А.
Ходжаниязова Ж. Т.