ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

15.10.19.”Өрлеу” БАҰО “АҚ филиалы”Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ”республикалық конкурсының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі, “Өрлеу ” БАҰО” АҚ-ның бастамасымен, қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибені жалпылау және көпшілікке тарату, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау аймақтың 100-ден астам педагогын қамтитын 22 номинация бойынша өткізілді және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи инновациялық технологиялар мен пәндерді оқыту әдістерін қолдану бойынша педагогикалық тәжірибені таратуға ықпал етті.

Байқау нәтижесі бойынша біздің колледж оқытушылары:

– Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Асабаева Лязат Биктыбаевна – 1 орын

-оқытушы спец. Ержан Тұрсынбекұлы Домаков-2 орын алды.


Жеңімпаздарды құттықтаймыз, табыс тілейміз, ал педагог Л. Б. Асабаеваға-байқаудың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!


Директордың ОӘЖ орынбасары Ходжаниязова Ж.