КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында бизнес жобалар Project Day, «Кемел Кәсіпкер» чемпионаттарының жеңімпаздары кәсіпкерлікке икемі бар студенттеріміз республикалық «BigIdeasCamp» жазғы кәсіпкерлік лагеріне жолдама ұтып алған болатын.  Студенттеріміз: Султанов Айболат, Хайрулин Артем, Краснов Илья, Бекетова Гульдана, Кеулимжаева Жансая, Жалдыбаев Акдаурен, Кропивницкий Роман, Изимгалиев Аян, 2019 жылдың 19 – 25 тамызы аралығында Павлодар облысы Ақсу ауданындағы республикалық «BigIdeasCamp» жазғы кәсіпкерлік лагерінде отандық, шетелдік бизнес сарапшылардан шеберлік сабақтарын алып, тренингтерден өтті.

2019 жылдың 20 қыркүйек күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің Жазғы кәсіпкерлік лагерінің түлектері «Экономикалық пәндер» ЦӘБ оқытушыларының ұйымдастыруымен екінші курс студенттеріне «Кәсіпкерліктегі инновациялар» тақырыбында тренинг өткізді.

         Шараның мақсаты – «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасын және студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту.

        

 

#EcoSystemERG

#BigIdeasCampKZ

«Экономикалық пәндер» ЦӘБ