«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Ағымдағы жылдын 19 қыркүйегінде Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде терроризмнің алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған топ мүшелері Мұқатова Мейрамгүл Миргалиқызы, Анешова Ғайша Ержанқызы және Ақтөбе облыстық діни басқармасының бас маманы Қалманов Мейірбек Қамалбекұлы бастаған мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп колледж студенттерімен кездесу өткізді. Студенттер еркін түрде пікірлесіп, слайд тамашалап соңында көңілді тренингпен аяқтады.