Біздің колледж – «Ақтөбе» арнасында!

«Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің меңгерушісі Гүлжайнар Серғазықызы Алашбаева мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлдана Базарқожақызы Адилканова 2019 жылдың 18 қыркүйегінде «Ақтөбе» телекомпаниясының «Қайырлы таң, Ақтөбе!» ақпаратты-сазды бағдарламасында қонақта болып, сұхбат берді.

Сұхбат барысында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атты тіл фестивалі аясында ұйымдастырылатын шаралар туралы, асыл сөзді құрметтеуге бағытталған әдеби-шығармашылық үйірмелер жұмысы жайында сөз болды.